Мұғалімдерге арналған вакансия конкурсы » «№62 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№62 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7262) 51-00-47
Есепші бөлімі:
+7 (7262) 51-00-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдерге арналған вакансия конкурсы
11
тамыз
2025

Мұғалімдерге арналған вакансия конкурсы

Жамбыл облысы білім басқармасы Тараз қаласы бойынша білім 
бөлімінің №62 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі декреттік 
орын аға вожатый (аға тәлімгер) лауазымына конкурс жариялайды

Лауазымы: аға вожатый  – 1 бірлік (декреттік орын).Орналасқан жері (мекенжайы):  Жамбыл  облысы Тараз қаласы Барысхан алқабы Ботамойнақ көшесі 29 телефон 8 (7262) 51-00-47.Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Жамбыл облысы білім басқармасы Тараз қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 орта білім беретін мектеп» КММ. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. (11-19 тамыз аралығында)Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 Бірлескен бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу (тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;9) туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұратыны немесе тұрмайтыны туралы анықтама;10) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 Бірлескен бұйрығының 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.Лауазымдық міндеттері:балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.Білуге тиіс:Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;педагогикалық этиканың нормалары;тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:1) "педагог-модератор":"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру;2) "педагог-сарапшы":"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;3) "педагог-зерттеуші":"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;4) "педагог-шебер":"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.Еңбек ақы төлеу мөлшері:  159 000 теңге Ескерту: еңбек ақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес есептеледі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив